Қарасуда халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытында екі ірі жоба жүзеге асуда

Қарасуда халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытында екі ірі жоба жүзеге асуда

Қарасу және Восток ауылдарында су тарату желісі қайта жаңаруда. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың аудан тұрғындарымен кездесуінде Қарасу ауданының әкімі Қайрат Оспанов баяндады.

Аталған жұмыстардың жалпы келісім-шарт құны 1,1 млрд теңгені құрайды. Жобаның іске асу мерзімі екі жылға белгіленген. Құрылыс жұмыстары былтыр басталды. Биылдыққа іс кестеге сәйкес тоқтаусыз жүріп жатыр.

Мердігер ұйым құрылыс-монтаждау ісін жүргізуде. Нысанды жыл соңына дейін, яғни, 30-желтоқсанда тапсыру жоспарланып отыр. Күзгі ауа райы құрылыс алаңындағы жұмыстарға айтарлықтай кедергі келтіруге тырысатыны рас. Соған қарамастан құрылысшылар талмай еңбек етуде.

«Аталған сумен жабдықтау желілері әбден ескіргенін атап өтемін. Жауапсыз мердігердің кінәсінен шаруа былтыр соңына жетпеді. Биыл қаражат бөлініп, сенімді мердігер таңдалды. Олар қазір екі ауысыммен еңбек етіп жатыр», – деді аудан әкімі Қайрат Оспанов.

Екінші жоба Повлов ауылында сумен жабдықтау жүйесін салу. Бұл бастама да   Мемлекет басшысының тарсырмасына орай қолға алынған ілкімді іс.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Қарасу ауданы