Жанкелдин аудандық білім бөлімінің мемлекеттік- әлеуметтік тапсырысы аясында аудандық «ЖАЛЫН» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Психологиялық көмек көрсету» бағдарламасы шеңберінде «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлық әрекетінің алдын алу» жобасы бастау алды.
Айтулы жоба жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлық әрекетінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар сапасын көтеру, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын оқытуды ұйымдастыруға бағытталған.
Жоба аясында Астана қаласынан педагогика және психология ғылымдарының магистрі, практикалық психолог, психодраматисті Ақгүл Молдабекова ауданға арнайы келіп, тәжірибелік жұмыстар жүргізуде.
«Бұл жоба қазіргі қоғамда өзекті, себебі жасөспірімдер арасында стресс, жалғыздық сезімі, әлеуметтік қысым, кибербуллинг сияқты факторлар көбейіп отыр. Психологиялық көмек көрсету арқылы олардың өмірлік дағдыларын күшейтіп, болашаққа деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Оқыту курсы – Арт-терапия: заманауи әдістері, мүмкіндіктері, қолдану«Жасөспірімдер әлеміндегі кибербуллинг», Нейрографика: шығармашылық дамудың заманауи әдістері тақырыптарын қамтыған.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Жанкелдин ауданы
