Министр қостанайлық үш мұғалімді марапаттады

Министр қостанайлық үш мұғалімді марапаттады

Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Қостанай облысының
3 мұғалімі Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қолынан мемлекеттік марапат иеленді.
Екі мұғалім «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» жоғары атағына ие болды. Бұл көп жылдық адал еңбектің, мамандыққа деген шексіз сүйіспеншіліктің және білім саласының дамуына қосқан елеулі үлестің лайықты бағалануы.

Колледж директоры Құсайын Амангелдіұлы Каткеновтың стратегиялық ойлауы мен жүйелі жұмысының арқасында Қостанай жоғары политехникалық колледжі өңірдің кәсіптік-техникалық жүйесінде жетекші орындарға ие.blank

Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының педагогы Ирина Симина өзінің барлық махаббаты мен қамқорлығын балаларға арнап келеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Лисаков қаласының «Улыбка» балабақшасының әдіскері Елена Владимировна Бритвина мектепке дейінгі білім беру саласына жаңашыл идеяларды табысты енгізуде. Балабақша тәрбиеленушілері республикалық байқауларда робот құрастырудан бірнеше рет жеңімпаз атанған.