Торғайда қос алыптың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Торғайда қос алыптың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Торғайдың төріндегі Алаштың қос арысы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған, елдің ертеңі үшін күрескен, білім мен бостандықты ту еткен, ұлттың рухын асқақтатқан арыстардың мұрасын ұлықтаған рәсімде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сөз сөйлеп, мерейтой аясында атқарылып жатқан игі істерді тілге тиек етті.

blank

 

Міржақыптың ұрпақтары жыл соңына қарай аталарының рухына арнап үлкен ас беруді және облыс орталығында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отырғанын алға тартты.

blank

blank blank

Міржақып Дулатұлының ұрпақтары атынан сөз алған Ерлан Сатыбалдиев, жерлесіміз, қоғам және мемлекет қайраткері Ғалым Байназаров ұлы тұлғаларды ұлықтаудың ел болашағы үшін үлкен маңызы бар екендігін айтып, атқарылып жатқан істерге алғыстарын білдірді.

blank

Салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімінде бірінші себетті — облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен Міржақып бабамыздың ұрпақтары, екінші себетті – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса, Берік Бейсенғалиев, үшінші себетті — ҚР Еңбек ері Сайран Бұқанов пен Ақмола әкімінің орынбасары Жасұлан Айтбаев көтеріп шықты.

blankblank

Салтанатты іс — шара одан әрі аудан орталығындағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби-мәдени музейін тамашалаумен жалғасын тапты.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                                          Жанкелдин ауданы