Қамыстыда жаңа саябақтар мен тұрғын үйлер пайдалануға берілді

Қамыстыда жаңа саябақтар мен тұрғын үйлер пайдалануға берілді

Қамысты ауданына соңғы жылдары сапарлаған жанға күрделі өзгерістері бірден байқалады. Жаңа бой көтерген саябақтар мен қатарласа салынған тұрғын үйлер аудан шетіне көрік беріп, өңірдің ажарын одан әрі  айшықтай түседі. Жаңа тыныс берген нысандардың қатарында орталықтағы демалыс аймағы мен салауатты өмір салтын ұстануға арналған спорттық алаңдар бар.

blank blank blank

Осы игі бастамалардың жүзеге асуына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауы зор болғаны атап өтілді. Сонымен қатар, аудандағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы да аяқталуға таяу. Бұл кешен болашақта жастардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік бермек.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Аталған нысандардың ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында  облыс әкімі Құмар Ақсақалов бірқатар азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстады.

blank

«Бүгінгі қуанышты оқиғамен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Президентіміз айтқандай, қолжетімді баспана – бұл арман емес, азаматтарымыз үшін нақты мақсат және міндет. Осы бағытта республика бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылдың соңына дейін облыста 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл дегеніміз — 6 500 пәтер. Осы үйлердің есігі қостанайлықтардың қуанышымен ашылады», — деді өңір басшысы өз құттықтауында.

Салтанатты жиында Түркістан облысынан Қамыстыға қоныс аударған Әбіш Жәрімбетовтің отбасы да ерекше назарға ие болды. Көп балалы әке жаңа баспанасына ие болып, өз ризашылығын білдірді.

blank

«Бүгін, міне, қуанышты күнде тұрмыз. Әр шаңырақта әрдайым мереке мен шаттық болсын. Алып жатқан баспаналарыңыздың іші жанға, сырты малға толсын! Осындай мүмкіндікті жасап жатқан ағаларымызға алғысымыз шексіз. Біз Президенттің бастамасымен оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп келдік. Осыдан екі ай бұрын ғана келген едік. Ол кезде құлағымызға бір сөз жетті – Қамысты аудан орталығында соңғы 30-35 жылда мүлде жаңа үй салынбапты деген. Алдымен қорыққанымыз рас. Алайда қазіргі өзгерістер бізді қатты қуантты», — деді ол.

blank

Қазіргі таңда Әбіш Жәрімбетов аудан орталығындағы қазақ мектебінде география пәнінен сабақ береді. Ал жары Ұлмекен аудандық ауруханада терапевт дәрігер болып жұмыс істеп жатыр.

blank

«Мемлекет жұмыс істеймін, кәсіп ашамын деген адамға әрдайым қолдау көрсетеді. Сіздер сияқты үкімет қолдауын пайдаланып,  жағдайын түзеген отбасылар аз емес. Ағайын-туыстар болса, шақырыңыздар. Еңбек еткен адам табысқа жетеді. Мұнда барлық жағдай бар – газ тартылған, инфрақұрылым жолға қойылған. Бау-бақша егіп, мал ұстап, шаруашылықпен айналысуға да мүмкіндік мол», –деді алыстан келген отбасыны құттықтауға барған Құмар Ақсақалов.

Қамысты ауданындағы құрылыс жұмыстары мұнымен тоқтамақ емес. Әкімдік жоспары бойынша алдағы жылдары тағы бірнеше тұрғын үй мен әлеуметтік нысан бой көтермек. Қоныс тойын тойлаған жаңа тұрғындардың қуанышы – ел игілігі үшін жасалған жұмыстардың нәтижесі.

blank blank

Аудан тұрғындары жаңа демалыс аймағында серуендеп, балалар спорт алаңдарында ойнап жүргенін көріп, бұл өзгерістердің шын мәнінде өмір сапасына оң әсер еткенін айтуда.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Қамысты ауданы