Қостанай орталығында Міржақып Дулатұлының ескерткіші орнатылмақ. Сүйінші жаңалықты облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
«Ең маңызды оқиға – Қостанайдың төрінде, облыс әкімдігінің жанындағы алаңда, Міржақып Дулатұлы көшесінің қиылысында қайраткердің ескерткіші орнатылады», – деп баяндаған ол бұл бастаманы үлкен рухани маңызды іс деп мәлімдеді.
Сонымен қатар мерейтой аясында өткізілетін іс-шараларға да тоқталды.
