Жатақханада есірткіге қарсы рейд өтті

Жатақханада есірткіге қарсы рейд өтті

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, Автомобиль көлігі колледжінің жатақханасында рейд жүргізді.

Рейдтің мақсаты — студенттерге тыйым салынған заттарды қолданудың қауіптілігін еске салу және жастарды есірткі бизнесінің шырмауынан сақтандыру.

«Қазіргікүннің ең маңызды міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, түсіндіру жұмыстарын да  жүргізу. Біз жастарды бұл қауіптен сақтау үшін қолдан келгеннің барлығын істеуіміз қажет», — деді басқарма жедел уәкілі Манат Суентев.

Іс-шара барысында полицейлер студенттерге есірткі заттарын қолдану мен таратудың салдары, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіретін жадынамалар мен брошюралар таратты. Колледж әкімшілігінің және студенттердің келісімімен жатақхана бөлмелері қызметтік иттің көмегімен тексерілді.

«Біз тексеру өткізу жөнінде алдын ала келістік, бәрі тәртіппен және ешқандай заң бұзушылықсыз өтті. Студенттердің өздері белсенділік танытып, сұрақтар қойды. Бұл олардың аталған мәселеге бейжай қарамайтынын көрсетеді», — деп толықтырды М.Суентев.

Тексеруден кейін ашық әңгіме өткізілді, онда полицейлер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, қауіпсіздік пен құқықтық мәселелерге қатысты өзекті тақырыптарды талқылады.