19 және 21 жастағы достар тәуекел жасап, заңсыз есірткі саудасымен айналыспақ болған. Әрекеттері әшкере болып, үстілерінен қылмыстық іс қозғалды.
Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері a-PVP синтетикалық есірткісінің таралу арнасын анықтады. Бұл қауіпті психостимулятор халық арасында «тұз» немесе «жылдамдық» деген атаулармен белгілі.
Қостанайлықтардың жалға алған пәтерінен табылған заттар:
— ерекше иісі бар ақ және сарғыш түсті екі түрлі ұнтақ;
— электронды таразылар;
— зип-пакеттер мен изолента
Бұл заттардың барлығы «схема бойынша жұмыс» үшін пайдаланылған.
Сараптама олардың салмағы шамамен 355 грамм a-PVP синтетика екенін анықтады.
«Тергеу нәтижесінде аса ірі көлемде есірткінің заңсыз айналымы бойынша іс қозғалды. 19 жастағы күдікті уақытша ұстау изольяторына қамалды. Екіншісінің қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде», — делінеді облыстық ПД хабарламасында.

#БІЛГЕНІҢІЗ АБЗАЛ:
Синтетикалық есірткі — жай ғана «затпен ойнау» емес, түрмеге апарар тура жол және қайғылы жағдайларға себеп.
Егер сізді «қоймаларға көмектесіп ақша табайық» деп шақырса — келіспеңіз. Бұл — қылмыс.
