Қазақстан ұстанымы, қос тарапты келіссөз БҰҰ-ның жаңа бетбұрыс нүктесі бола алады – ресейлік саясаттанушы

Қазақстан ұстанымы, қос тарапты келіссөз БҰҰ-ның жаңа бетбұрыс нүктесі бола алады – ресейлік саясаттанушы

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің Қазақстанға сапары және БҰҰ-ның Алматыдағы өңірлік орталығының ашылуы халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесін трансформациялау контекстінде бағалауға қиын оқиға болды. БҰҰ-ға деген сенім дағдарысы, оны қазіргі заманғы Ресей-Украинадан Таяу Шығысқа дейінгі ірі қақтығыстар алаңынан ығыстыру аясындағы әрекеттер кезінде Қазақстанның қатынастық рөлі ерекше маңызға ие болады.

Белгілі ресейлік саясаттанушы және журналист Максим ШЕВЧЕНКО бірегей дипломатиялық тәжірибесі бар саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйымға өзінің миссиясын – мемлекеттердің адал инклюзивті диалогы үшін алаң құруға көмектесетін көшбасшы болғанына сенімді. Ол Орталық Азияның ең ірі мемлекетінің атынан бас көтеріп қана қоймай, сындарлы күн тәртібін – ядролық державалардың гегемониясынан әлемдік қауымдастықтың барлық мүшесінің тең құқығына дейінгі қозғалысты ұсынады.

Халықаралық диалогтың маманы және БҰҰ Бас Хатшысының бұрынғы орынбасары ретінде Тоқаев саясаткер ғана емес, жаһандық басқару тетіктерін терең түсіну қағидатының тасымалдаушысы тұғысында да әрекет етеді. Нақ осы ұстаным оған конфортация өкілі болып емес, әлем бөлектерге бөлініп жатқан дәуірдегі сирек кездесетін рөл – делдал және модератор ретінде сөз алуына мүмкіндік береді.

Сарапшы пікірінше, Қазақстан бұл тұрғыда қатардағы қатысушыға айналып қана қоймайды – ол егемендік пен халықаралық құқықты сыйлап-құрметтеуге негізделген әлемдік қауіпсіздіктің жаңа формуласының бастамашысы болмақ. Толығырақ – сұхбатта.

— Максим Леонардович, сіздің ойыңызша, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің Қазақстанға сапары және Алматыда БҰҰ өңірлік орталығының ашылуы біздің еліміз бен жалпы Орталық Азия өңірі үшін қандай маңызға ие?

— Біріккен Ұлттар Ұйымы көп жыл бойы шешуші рөл атқарған қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесі терең дағдарысты бастан кешіп жатыр. Біз БҰҰ іс жүзінде кіріспей отырған әлемдік деңгейдегі кем дегенде екі қақтығысты айқын көріп отырмыз, олар – Ресей-Украина арасындағы және Таяу Шығыстағы соғыс. Сөйте тұра Ресей-Украина шиеленісіне БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты өкілдері мен көне мемлекеттердің бірі Украинаның ұйымдарының өкілдері тартылды.

Таяу Шығыстағы қақтығысқа келетін болсақ, БҰҰ-ға Израиль мен Дональд Трамптың қазіргі саясатын реттеу процесіне барынша жол берілмей тұр.

Сондықтан әлемде мемлекеттер арасындағы диалог алаңы ретіндегі БҰҰ-ны не ыдыратуды, не беделін түсіруді қалайтын күштер анталасып тұрған шақта Гутерриштің Қазақстанға сапары айырықша маңызға ие. Бұл іссапар БҰҰ үшін жаңа мүмкіндікке жол ашатын желілерді дамытуды көздейді. Атап айтқанда, БҰҰ кезінде РУЗВЕЛЬТ, ЧЕРЧИЛЛ және СТАЛИН ойлап тапқан «ұлы державалар квартетінің» құралы болуды тоқтатуы керек. Кейінірек Черчилл мен Сталин интригасы ықпалымен оларға Франция қосылған еді.

Осылайша, қуатты ядролық қаруы бар бес мемлекет кез келген қарарды,тіпті БҰҰ Бас Ассамблеясын тоқтатуға мүмкіндік беретін вето құқығын алды, осылайша әлемнің қалған бөлігінен жоғары көтерілді, оның едәуір бөлігі сол кезде отаршылдық боданда болды. Бір қызығы, Сталин КСРО-ның барлық одақтас республикаларын БҰҰ мүшелерінің қатарына қосуды талап етті. Кеңес Одағының өзін есептемегенде, тек екі республиканы – Украина мен Беларуссияны жаныштаудың реті келді.

Яғни Қазақстан да субъект ретінде мәлімделді. Бұл мына қағиданы көрсетті: Кеңес одағының республикалары аймақтар ғана емес, мемлекеттер. Бүгінде осы тәсіл ерекше өзекті. Сөз «ұлы державаларға» емес, әлемдік картада бар нақты мемлекеттерге  – ең үлкені Қазақстан саналатын Орталық Азия елдеріне, Африка, Латын Америкасы, Шығыс Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне және т. б. күн тәртібін белгілеу туралы болып отыр.

Сондықтан БҰҰ-ның басқару құрылымдарында жұмыс істеген және осы ұйымның мәнін жақсы білетін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, әрине, бірегей саясаткер саналады. Ол, сонымен бірге, Еуразиядағы ең ірі мемлекеттердің бірінің басшысы және БҰҰ-дағы беделді тұлға. Қазақстанның ұстанымы, Тоқаев пен Гуттериштің келіссөздері БҰҰ-ның Орталық Азиядағы белсенділігі ұйымның дамуындағы бетбұрыс нүктесі бола алады – манипуляция құралынан ядролық қаруы жоқ халықтардың, елдер мен ұлттардың нақты өкілдігі тетігіне көшу көзделеді.

Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Қазақстан аумағында ядролық және термоядролық оқтұмсықтары бар стратегиялық зымырандар болды. Сонымен қатар ол кеңестік кезеңде ядролық қаруды сынаудан үлкен шығынға ұшырады. Сондықтан Қазақстан қазіргі әлемдік қауымдастықта, БҰҰ-да және осындай «қосылмаудың» жаңа қозғалысында, әділдікті қалпына келтіру қозғалысында ерекше рөл атқарады. Бұл көптеген әлемнің көптеген ұлты үшін, отаршылдық тәуелділіктен әлдеқашан босатылған, бірақ әлі де БҰҰ-дағы екінші немесе тіпті үшінші деңгейлі халықтар үшін үлкен маңызға ие.

Қазақстан ұстанымы негізінен Қытай мен Ресейдің көзқарастарымен сәйкес келеді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл ұстаным бұғатталады, өйткені әлемдік капитализм жүйесінің белгілі бір күштері бұл алаңды жойғысы немесе халықтардың өкілдік алаңын азайтқысы келеді. Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев, СИ Цзиньпин бірнеше рет айтқан.

Сонымен қоса, бұл – ең маңызды мәселе. Қытай үшін халықаралық институттарды сақтау қауіпсіздік мәселесі болып саналады. Ол биполярлы американдық-қытайлық әлемді таңуға тырысатын «жыртқыш» американдық империализммен жалғыз қалмайтынына кепілдік береді, онда ҚХР Батыс капитализмінің бүкіл әлемдік жүйесіне қарсы жалғыз қалуы мүмкін. Сондықтан БҰҰ негізгі және іргелі болып есептелетін халықаралық ұйымдарды сақтауға және дамытуға Қытай өте мүдделі. Қазақстанның саяси және моральдық көшбасшылығы кезінде, мен айтқанымдай, БҰҰ-да, оның басқару құрылымдарында тікелей жұмыс тәжірибесі бар жалғыз адам басшылық етіп тұрғанда Орталық Азия елдері бұл мәселеде басты рөлдердің бірін атқарады.

Осылайша, Бас хатшының Алматыға сапары мен өңірлік орталықтың ашылуы – жай ғана дипломатиялық ишарат емес. Бұл – халықаралық құқыққа негізделген жаһандық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасына қосылған үлес. БҰҰ-ның сақталуы – Қазақстанның ұстанымы, бұл Тоқаевтың ұстанымы, бұл – халықаралық қатынастардағы тең құқықты сақтау, бұл – әлемдік саяси кеңістіктегі халықтар мен ұлттар мүдделерінің өкілдігінің субъектілері саналатын халықтарға, ұлттар мен мемлекеттерге құрмет көрсету құндылығын сақтау.

— Жалпы, Тоқаевтың сыртқы саяси бастамалары халықаралық сараптамалық қауымдастықта қалай қабылданады?

— Қазақстан өте қиын геосаяси жағдайда отыр. Елдің Ресеймен бірқатар стратегиялық келісімдері бар: ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (ҰҚШҰ), Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық туралы шарт (ЕАЭО), сондай-ақ Кеден одағы. Қазақстан Украина аумағында болып жатқан Ресей мен Батыс арасындағы қақтығысқа тартылуына жол бере алмайды, өйткені Қазақстан көп векторлы саясаттың арқасында әлемдік капитализммен тығыз экономикалық байланысқа ие. Бұл Қазақстанға ерекше параметрлер ұсынады және ерекше мүмкіндіктер мен перспективалар береді.

Менің ойымша, Тоқаевтың саясаты бүгінде Қазақстанның Ресей Федерациясымен тығыз одақтастық қарым-қатынастары мен Еуропалық Одақпен, әлемдік экономиканың ірі ойыншыларымен жіті экономикалық қатынастардың артықшылықтарын сақтауға бағытталған. Бұл жағдайлар ерекше сыртқы саяси конфигурацияны қалыптастырады және онымен қоса мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл – шын мәнінде керемет ұстаным. Ол Тоқаевтың жеке тәжірибесі мен халықаралық беделінің арқасында сақталады.

Мұндай тепе-теңдікті тек қол қойылған келісімдер арқылы сақтау мүмкін емес – мұнда харизма, зияткерлік ықпал және әлемдік истеблишмент арасында танылған мәртебе қажет. Ал Тоқаев бұл жөнінен алдына жан салмайды. Оның тепе-теңдікке бағытталған сыртқы саясатты жүргізу қабілеті халықаралық элиталардың шынайы қызығушылығын тудырады.blank

— Бұл Қазақстанның геосаяси қысым аясында өзінің егемендігі мен дипломатиялық дербестігін нығайту нышанына айналып отырғанымен келісесіз бе?

— Әрине. Бұл Қазақстанның соңғы жылдардағы басты жетістіктерінің бірі. Ақпараттық кеңістікте, оның ішінде Ресейден шыққан жекелеген арандатушылық мәлімдемелерге қарамастан, мынаны мойындау керек: Ресейдің өзі Қазақстанның сыртқы саясатының қазіргі векторын сақтауға мүдделі. Ресейлік компаниялардың едәуір бөлігі өз қызметін Қазақстанға аударғаны құпия емес, керісінше, бұл «Полишинель құпиясы». Бұл құнды және өзара тиімді қарым-қатынасты бұзу абсурд және ақылға қонымсыз. Әрине, Ресейде де, Қазақстанда да өзімшілдік мақсаттарын көздейтін, кейде елдер арасындағы ұлттық «үйкеліс» туралы тезистерді алға тартатын жеке топтар бар. Алайда іс жүзінде ешқандай ауқымды ұлтаралық шиеленіс туралы алаңдауға негіз жоқ: Қазақстандағы орыстар да, Ресейдегі қазақтар да өздерін өте жайлы сезінеді.

Ол аз десеңіз, Қазақстанның қазіргі ұстанымы Ресейдің өзіне де тиімді екеніне сенімдімін. Өйткені соғыстар ерте ме, кеш пе аяқталады. Жойылған байланыстарды қалпына келтіру және залал-зардаптың орнын толтыру, жазым-жарақатты емдеу қажет болған сәтте Қазақстан медиатор мен модератордың рөлін атқара алады. Бұл – Қытай философиясы терминіне салсақ, сын-сәт келгенде бақылаушы және әрекет етуші рөліндегі «ақылды үшінші тұлға». Жалпы, Қазақстан бүгінде жай ғана бейтарап емес, сындарлы сипаттағы бірегей ұстанымға ие. Бұл дипломатиялық тәуелсіздік –бүкіл Еуразияның болашағы үшін маңызды тіректердің бірі.

— Сіздің ойыңызша, Тоқаев Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын айқынгдау тұрғысында қандай негізгі өзгерістер ала келді?

— Біз мемлекеттер арасындағы шиеленіс күшейіп, халықаралық құқық жүйелі сынақтарға ұшырайтын қатыгез және мазасыз әлемде өмір сүріп жатырмыз. Соған қарамастан Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары өзгеріссіз қалды. Олардың ең бастысы – егемендікті сақтау. Осы бағытта Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи қазақстандық дипломатияның сәулетшілерінің бірі бола отырып, шешуші рөл атқарды.

Қазақстанның егемендігі – бірегей тарихи құбылыс. Бұл – дала өркениетін өзінің саяси формасында бейнелейтін әлемдегі жалғыз мемлекет. Қазақтар ғұндардан бастап осы күнге дейінгі мыңжылдық көшпелі мәдениеттің мұрагерлері ретінде ерекше құбылыс саналады. Тарих көрсеткендей, Азия, Африка, Америка континенттеріндегі басқа көшпелі халықтар бүгінге дейін сақталатын тұрақты мемлекеттік құрылымдар түзе алмады. Бұл санатқа венгрлерді қосуға болар –жергілікті сипатта болса да қызықты тарихи эпизод.

Қазақ мемлекеті өзінің қазіргі заманымен шын мәнінде Шыңғыс хан империясының моделін жаңғыртуда. Шыңғыс хан империясындағыдай, Қазақстанда түрлі халық пен діндердің өкілдері тұрады. Бұл модельде Тәңір мен ханның билігін мойындаған кез келген адам христиан, мұсылман, буддист, шаманист болуы мүмкін. Терең құндылықтарға негізделген бұл ашықтық бүгінде ерекше маңызға ие.

Қазақтар көшпелі өркениеттің ежелгі ғұрпының иегері ретінде прагматикалық мемлекеттік міндеттерді ғана емес, сонымен қатар ерекше мета-тарихи миссияны да орындайды. Қазақстанның егемендігін сақтау – ұлттық мүдделерді қорғау ғана емес, бұл Еуразиядағы геосаяси теңгерімді, бүкіл еуразиялық кеңістіктегі қасиетті мағыналар мен тарихи сабақтастықты қорғау.

Надиль РАХМЕТОВ,

фото – akorda.kz сайтынан,

Мәскеу – Алматы