Тұрғын үй құрылысына рұқсатсыз қаржы тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Фото: 2gis.kz

Тұрғын үй құрылысына рұқсатсыз қаржы тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша «Bolashak Construction Company KZ» ЖШС мен «Инновация плюс» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Тергеу барысында анықталғандай, аталған компаниялар 2022 жылғы 11 шілдеден 2024 жылғы 20 мамырға дейінгі аралықта Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 453-үй мекенжайында орналасқан «Семья» тұрғын үй кешенінің 3-кезеңіндегі көпқабатты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысушылардан жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз 100 миллион теңгеден астам қаражат алған.

«Осыған байланысты, «Bolashak Construction Company KZ» ЖШС мен «Инновация плюс» ЖШС әрекетінен зардап шеккен азаматтардың Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне  Гоголь көшесі 183 мекенжайы бойынша  жүгінулерін сұраймыз немесе кезекші бөлімнің +7 (7142) 53-60-26 телефонына хабарласуға болады», – деп хабарлайды Қостанай облысы бойынша ЭТД ҚМА Баспасөз қызметі.