Арқалықта 341 түлек қанат қақты

Арқалықта 341 түлек қанат қақты

Биыл Арқалық қаласы бойынша 6 мың 564 оқушы оқу жылын аяқтады. Оның  341-і – мектеп бітіруші түлектер.

Алтын ұяларынан ұшқалы тұрған мектеп бітірушілердің құрметіне еліміздің әнұраны шырқалып, қошемет көрсетілді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназия мен Б.Майлин атындағы №3 мектепте өткен «Соңғы қоңырау» салтанатында қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов, қалалық білім бөлімінің басшысы Есланбек Мәметеков, мектеп директорлары, ата-аналар, ұстаздар үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған жастардың қадамдарына сәттілік тіледі.

blankblankblankМектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып, білім алу барысында өзін жан-жақты көрсете білген, білімде, өнерде, спортта жақсы жетістікке жеткен түлектерге «Алғыс хаттар» тапсырылды.

blankТүлектер арасында мектеп қабырғасын 10 оқушы «Алтын белгіге» аяқтады. Атап айтқанда: Ы.Алтынсарин атындағы гимназиядан – 3, Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінен — 3, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиядан – 2, Родина ауылындағы Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінен – 1, Фурманов жалпы білім беретін мектебінен – 1 оқушы. Мұның сыртында 7 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер атанды.

blankblankblankblank

 

 

Соңғы қоңырау салтанатына түлектер, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Ән-жырдан шашу шашылды.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы