Облыстық БАҚ қызметкерлері арасында асық атудан Наурыз турнирі Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының спорт залында 14 наурыз күні 15:00- де басталады. Оған әр редакциядан үш адамға дейін қатыса алады.
Қатысушыларға ұлттық киім киіп келуді ұсынамыз.
Ойын ережесі оп-оңай: белгілі бір межеде тұрған асыққа дәл көздеп тигізу керек.
1, 2, 3 орын алған жүлдегерлерге және жеңіске деген ынта білдірген екі қатысушыға сыйлықтар беріледі.
Қатысам деушілер 13 наурыз сағат 18.00-ге дейін тіркелуі қажет. Аты-жөнін, қай редакциядан екенін айтса жеткілікті.
Тіркелу үшін 8 701 855 96 76 (Аслан) whatsapp нөміріне хабарласыңыз.
Ұйымдастырушылар: облыстық «Қостанай таңы» газеті және Қазақстан журналистер одағы Қостанай филиалы.