Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында ұйымдастырылған биылғы байқау бағдарламасына төрт университеттің студенттері ұсынған 14 жұмыс енгізілді.
Қатысушылар «Журналистика» және «Режиссура» номинацияларында бақ сынады.
Фестиваль аясында оқушыларға арналған кәсіби бағдарлау бағдарламасы сипат алды. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Әлібек Табулденов атап өткендей, «Медиасаяхат» фестивалі бірнеше күнге созылып, журналистикаға қызығушылық танытқан жастар үшін пайдалы ақпарат алаңына айналды.
Абай атындағы орта мектептің оқушысы Айдана Санат:
«Маған журналистика әртүрлі қырларымен ұнайды. Осы іс-шараға қатысып, болашақ мамандығыма маңызды бір қадам жасадым деп ойлаймын», – деп фестивальдің маңыздылығын айтып отыр.
Фестиваль аясында ҚӨУ-де жаңа мультимедиялық зертхана ашылды. Бұл бастама А. Байтұрсынұлы университетінде маңызды оқиғалардың бірі болды.
Оқу орнының білім беру үдерісін жаңғыртуға зор мүмкіндік береді.
Осылайша болашақ медиа мамандарының кәсіби өсуіне ықпал еткелі тұр.
KozQaras 2025 фестивалі студенттік деректі фильмдердің сапасының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, бұл жанрды медиа білім беру саласында дамытудың маңыздылығын көрсетті. Болашақ режиссерлер мен журналистерге шабыт берген бұл іс-шара алдағы жылдары жалғасын таппақ.
Балауса ЖҮНІС