4 июня, 2025
Ақордадағы жаңа ауыс-түйістер: екі облыстың әкімдері тағайындалды

Ақордадағы жаңа ауыс-түйістер: екі облыстың әкімдері тағайындалды

Бүгін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімен  ауыс-түйістер болды. Екі бірдей облыстың әкімдері жаңадан тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Президенттің баспасөз хатшысы болған Берік Уәли  бұрынғы атқарған лауазымынан босатылып, Абай облысының әкімі қызметіне кірісті.  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына Руслан Сұлтанұлы Желдібай тағайындалды.

Бұған дейін Президенттің аппарат кеңсесінде де біршама өзгерістер болғанын айта кетейік.

Мәселен, Мемлекет басшысының көмекшісі болған Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев. Қаржы саласына қайта оралды. Президенттің өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болды.

Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің, Дәурен Тілекұлы Ерғарин Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.