Ішкі істер министрі 2025 жылды «Профилактика жылы» деп жариялады

Ішкі істер министрі 2025 жылды «Профилактика жылы» деп жариялады

Облыстық Полиция департаменті бастығының пәтер иелері кооперативі, мүлік иелерінің бірлестігі төрағаларымен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті.

Жиын барысында өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға азаматтарды қалай белсенді тарту керектігі талқыланды.

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин кездесуді ашып, әрбір азаматтың тәртіпті сақтауға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстанда Ішкі істер министрі осы жылды «алдын алу жылы» деп жариялады. Біздің алдымызға профилактикалық шараларын күшейту бойынша міндеттер қойылды. Алайда, оларды сәтті орындау үшін азаматтардың белсенді қатысуы маңызды. Әркім қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудағы өз рөлін түсінуі керек», – деді ол.

ПД бастығы облыстағы қылмыс жағдайы туралы мәліметтер келтірді. Осы жылдың қаңтар айында 445 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар, кейбір санаттардағы қылмыстың төмендеуі байқалды.

Мәселен көшелердегі құқық бұзушылықтар саны 23% — ға азайды. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 33% — ға төмендеді. Былтыр биылдың осы кезімен салыстырғанда балалар мен жасөспірімдерге қарсы қылмыстар саны 20% — ға артық болған еді.
Дей тұрғанмен, мас күйіндегі қылмыстар 13,5% — ға көбейіп, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар саны төрт еседен асып отыр.