Атқарылар істер ауқымды

Атқарылар істер ауқымды

Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте айтылған мәселелердің барлығы орынды деп есептеймін. Әсіресе, қалалардың нашар көрінуі туралы айтқаны өте өзекті. Бұл жағдай біздің қаламызда да орын алған. Бұл мәселені шешу үшін кешенді жұмыстар жасалып жатыр. Ол бір жыл ғана емес, бірнеше жылдарды қамтитын іс екені белгілі.

Халықөзі көріп отырғандай соңғы екі жылдың өзінде ғана қала бойынша қаншама спорт алаңдары салынды. Шағын аудандарда спортпен айналысу үшін мүмкіндік туды.

Бұқаралық спортты дамыту, халықтың тұрғылықты жерлері бойынша спорттық инфрақұрылымдарды дамыту және қазіргі заман талабына сай қажеттілігіне байланысты 2023 жылы Арқалық қаласының іргелес кенттеріне, тұрғын үй аулаларына бірқатар спорттық алаңдар орнату жоспарланып отыр. Олар: Западный кентіне шағын футбол алаңы және 10 көше тренажеры, Шақшақ Жәнібек көшесі, №95 мекен-жайына тартанды төсенішпен көпсалалы спорт алаңы, Маясова көшесі, №40 мекен-жайына тартанды төсенішпен волейбол алаңы.Мұнан бөлек Шақшақ Жәнібек көшесі, №100/1 мекен-жайында орналасқан спорт зал ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 93 039,7 мың теңгеге жүргізілуде.Жөндеу жұмыстары 2 жылға жоспарланған. 2022 жылы 50 млн 500 мың теңге игерілді. Бүгінгі күні ғимараттың төбесі жабылды, жылу жүйесі қосылды, терезе орнатылды, ішкі бөлмелері бөлінді, қазір қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде.

Тұрғын үй мәселесіне келсек, бұл да бұрыннан қордаланып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Ол туралы айтқанда өткен жылы облыстық бюджет есебінен 10 көпқабатты үйдің төбесі жөнделсе, биыл қаланың көпқабатты үйлерінің сыртқы келбетін жөндеуге 14 үйге, үйлердің төбесін жөндеуге 10 үйге жөндену жұмыстары жүргізілейін деп жатыр. Оған тиісінше қаражаттар бөлінді. Сол сияқты, көше жарықтандыру бойынша қаланың электр жарығы жетпейтін учаскелерінің бәріне жарықшамдарын, бағандарын қоюға қаражат бөлінді. Бұның сыртында 4 тірек ауылда (Фурманов, Ашутасты, Восточный, Родина ауылдары) көше жарықтандыруына және көшелердің тас төсенішін орташа жөндеуге қаражат бөлінді. Қазір, жоғарыда аталған обьектілердің барлығының да мердігерлері анықталды.Енді, таяуда құрылыс жұмыстары басталады.Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.

 

Абзал Ташимов,

Арқалық қаласы әкімінің орынбасары

Жаңалықтармен бөлісу