Рудный қаласының орталығында жеке ғимарат өртенді

Рудный қаласының орталығында жеке ғимарат өртенді

Бүгін Рудный қаласында Ленин көшесіндегі бір қабатты жеке ғимаратта орналасқан тамақтану орындарының бірінде өрт шықты.

ТЖД алдын ала ақпараты бойынша, бастапқыда ғимараттың шатырын жалын шапыған. Өрт туралы хабарлама шұғыл қызметтерге түсіп, содан кейін оқиға орнына жедел өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

ТЖМ күштерімен өрт 200 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді.