«Қостанай таңы» редакциясына Қостанайда тұратын, екі баласын жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана хабарласқан еді.
Естеріңізге сала кетсек, кенже баласы сырқат. Жиі ауырады. Соңғы уақытта тамаққа тәбеті шамалы. Дәрігерлер 1-дәрежелі гипохромды-микроциттік анемия белгілері бар деген қорытындыға келген.
Баладан жедел нефротикалық гломерулонефрит синдромы анықталды.
Осының салдарынан асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылған. Лейкемияға бірден-бір жол ашатын аллергияның гастроинтестинальды көріністері (іш қату) байқалғандықтан, балаға созылмалы гастродуоденит диагнозы қойылды. Әрі қарай ем алып, квотаға қою үшін әлі де анализдер тапсырып, дәрігер қорытынды жасауы қажет болған.
Жуырда «Аманат» партиясының филиалы арқылы облыс әкімінің қабылдауына жазылған Данагүл Шаймағамбетова квота бойынша Астанадағы Республикалық диагностикалық орталық мамандарынан қосымша тексеруден өтіп, Ана мен бала орталығындағы нефрология бөліміне орналасты.
«Квота бойынша консультацияға тек гематолог, онколог профессорға бардық. Алдымен қан анализін тағайындады. Іштің ультрадыбыстық зерттеуінен кейін, мидың, мойынның, кіші жамбастың және іштің құрылысын тексеріп, МРТ-дан өткізді. МРТ нәтижесі бойынша бастан ісік тапты. Лор КТ—ға да конструкциямен жіберді. Енді ісікке бір айдан кейін ота жасау керек. Егер ол өсіп кетсе, оны алып тастау керек. Бұл қадам мұрын қуысының бір бөлігін жабу қаупін тудырып отыр», – деп халықтан көмек сұрайды Данагүл Шаймағамбетова.
Қандай да бір көмек көрсете алатын жандар болса, мына нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз: Анасы Данагүл Шаймағамбетова;
4400430209865473
Каспи банк
4405639751786839
Народный банк
Данагуль Ш(анасы)
