ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Альберт Рау Рудный индустриалды университетінің студенттеріне “Қазақстанда өңдеу өнеркәсібін дамыту” тақырыбында дәріс оқыды.
Жаһандық нарықтағы бәсекелестікке дайын мамандарды дайындау мәселесін қаузады.
“Өңдеу өнеркәсібінің Қазақстан экономикасы үшін маңызы зор. Оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізу кезек күттірмейді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту жолында мемлекет қолдау шараларын бастап кетті”, – деді Альберт Рау.
Рудный индустриалды университетінің талантты студенттеріне атаулы гранттар табыстады.
Оқытушы- профессорлық құрам және студенттер алдында РИУ Басқарма төрағасы–Ректоры Нұрбек Сапарходжаев Альберт Рауға РИУ профессоры атағын беру туралы шешімді оқып берді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – Балауса Жүніс