Енді білім грантын бөлуде талапкердің ҰБТ нәтижесі, әлеуметтік мәртебесі мен жетістігі ескеріледі

Енді білім грантын бөлуде талапкердің ҰБТ нәтижесі, әлеуметтік мәртебесі мен жетістігі ескеріледі

Талапкерлерге оқу гранттары сараланған жүйе бойынша берілуі мүмкін. «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығында осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік гранттарды сараланған тәртіппен беру жобасын әзірлеген. Оған сәйкес, жалпы білім беру тапсырысындағы гранттар «Базалық», «Дарын» және «Қамқор» болып бөлінеді.

Сараланған грант түрлері мынадай арақатынаста беріледі:

– базалық гранттардың жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 50%;

– «Дарын» гранттарының жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің 10% аспайды;

– «Қамқор» гранттарының жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 30% құрайды.

Бұл ретте министрлік енгізілгелі отырған сараланған білім беру грантына қатысты түсініктеме берген.

Құжат 21 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Жаңалықтармен бөлісу