Шағын футболдан турнир өтті

Шағын футболдан турнир өтті

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-дің спорт кешенінде шығармашылық командалар арасында шағын футболдан «Жастар Лигасы» турнирі өтті. “AMANAT” партиясының Қостанай облыстық филиалы «Жастар Рухы» ұйымдастырған спорт сайысына тоғыз команда қатысты.
«AMANAT» партиясының кубогына арналған жарыс жыл сайын тұрақты негізде өтіп келеді. Қатысушы командалардың қатары да артуда.


– Бұл іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды және бұқаралық спортты дамытуды көздейді. Сондай-ақ, жұмыстан тыс уақытта пайдалы іспен айналысуға үндейді, – деді турнирдің ұйымдастырушысы Аружан Сәрсенбаева.


«Жастар Лигасы» турнирінің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар марапатталып, жеңімпаз командаға кубок табысталды.  Атап айтқанда, 1-орынды «Soltustik» командасы, 2-орынды «Арсенал» командасы, 3-орынды «Тентексайд» командасы иеленді.

 

Қымбат ДОСЖАНОВА.

Жаңалықтармен бөлісу