Диқандар мен шаруалардың жыл бойғы еңбегінің қорытындысы есебіндегі атаулы күнді молшылық пен тоқшылықтың мерекесі деуге болады. Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнінде сала мамандарына құрмет көрсетілді.
Сары сапырған Сарыкөл ауданы жылды жемісті аяқтап отыр. Оған аудан әкімі Амантай Балғарин ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін құттықтауға арналған баяндамасында тоқтала өтті.
«Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, биыл біз бір гектардан орташа есеппен 19,4 центнерден өнім алып, 604 мың тоннадан астам астық жинадық. Әсіресе, гектарына 47,8 центнер өнім алған «Класс Агро» ЖШС, шығымы 43 ц/га көрсеткен «Сарыколь Агро» ЖШС, 35 центнерден астық жиған Оразбекова Анна Касперовна» ШҚ және өнімі центнері 30 центнерден айналған «Сатаев Байболсын Қайырбекұлы» шаруа қожалыған ерекше атап өтуге болады», – деді аудан әкімі.
Ол ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жерлестеріне деген қамқорлығын да тілге тиек етті. Жергілікті кәсіпкерлер әлеуметтік жобаларға 340 млн теңге инвестиция құйған. Бұл қомақты қаржы жаңа үйлер, балалар және спорт алаңдарын салуға, ауданды абаттандыруға бағытталған.
Іс-шара аясында өңірде саланың дамуына еселі үлес қосқан қызметкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс басшысының, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.Салтанатты рәсім соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.