Қазіргі қоғамда есірткі саудасымен күрес өзекті мәселеге айналып отыр. Жылдан-жылға қылмыстың жастар арасында белең алып бара жатқаны өкінішті.
Мәселен, биыл облыста үш жүзден аса қылмыс тіркеліп, 260 келіден артық есірткі заттары тәркіленген.
Бұл туралы жастар арасында есірткінің алдыни алу үшін ұйымдастырылған форумды сөз болды.
«Биыл осы уақытқа дейін есірткімен саудасына қатысты 314 қылмыстық іс тіркелді. Контрабандамен айналысқан 40 шақты адам ұсталды. Түрлі жолмен есірнткі таратқаны үшін 15 адам сотталды. Жарнамалау бағыты бойынша 34 факт белгілі болды. Бұл қылмыстардың дені кәмелетке толмаған балалардың қолымен жасалғаны біздерді алаңдатып отыр», – деді форумда облыстық полиция департаментінің басшысының орынбасары Нұрбол Сәденов.
Облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали бұл мәселенің түйіні жасөспрімдердің тәрбиесіне ықпал ететін ата-аналары мен жастарсыз шешілмейтінін айтты.
Сөздің тоқетері, қоғамның күрделі түйткілі жалғыз әкімшіліктің қабырғасында айтыла беретін нәрсе емес. Бұл аудиторияның дені жастардан құралуының бірден-бір себебі осыны дәлелдейді. Бүгінгі жасөспірім келешектің айнасы, ересек қауым қоғамның жол сілтеушісі.
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Айбек ЖҮЗБАЙ