Қостанай облысындағы тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің мәселесі шешімін тапты

Қостанай облысындағы тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің мәселесі шешімін тапты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау тау-кен өнеркәсібі қызметкерлері, соның ішінде ССКӨБ, Қашар кені, Краснооктябрь боксит-кен басқармасы жұмысшылары үшін маңызды мәселені шешуге ықпал етті.

2024 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутатының Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындар оған ерекше мәселені жеткізген болатын. Карьерлерде жұмыс істейтін жүргізушілердің зиянды еңбек жағдайында еңбек ететін қызметкерлер тізіміне енбей қалғаны анықталды.

Альберт Рау бұл мәселені бақылауға алып, он ай бойы оны шешумен тікелей айналысты. Көптеген талқылаулар мен келіссөздерден кейін, 2024 жылдың 29 қарашасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Енді тау-кен массасын тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер зиянды еңбек жағдайындағы қызметкерлер тізіміне енгізілді. Бұл шешім олардың ерте зейнетке шығуына мүмкіндік береді.

Айта кету керек, тау-кен өнеркәсібі жұмысшыларының ерте зейнетке шығу құқығын қамтамасыз ету – 2023 жылғы сайлауда «Аманат» партиясының бағдарламасында көрсетілген маңызды міндеттердің бірі болған еді.

Жаңалықтармен бөлісу