Науырзым ауданынан екі кандидат өңірлік кадрлық резервке өтті

Науырзым ауданынан екі кандидат өңірлік кадрлық резервке өтті

Оның бірі – Қожа ауылының маманы Дәметкен Қарымсақова, ал екіншісі – Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Камалхан Қалиева.

Дәметкен Қарымсақова өзінің еңбек жолын жергілікті әкімдікте бастаған, көп жылдық тәжірибесі мен халықпен жұмыс істеудегі біліктілігі арқасында өңірлік кадрлық резервке өту мүмкіндігіне ие болды. Ал Камалхан Қалиева – аудандық ішкі саясат саласында жоғары деңгейде еңбек етіп, мемлекеттік қызметте жақсы нәтижелерге қол жеткізген маман.

–Кадрлық резервке қатысуға биыл құжаттарымды тапсырдым. Жан-жақты дайындалып, өзімнің жобамды қорғай білдім. Бұл жастар үшін үкімет тарапынан берілген жақсы бастама әрі мүмкіндік. Облыстың әр өңірінен мен сияқты жастар қатысқан еді. Енді, міне, бүгін қорытындысы шығып, еңбегіміз ақталды. Алдағы уақытта да өзіме жүктелген сенімді ақтап, мемлекеттік қызметті адал атқара беремін деп сенемін, – дейді Камалхан Қалиева.

Осылайша, екі маман да өңірлік кадрлық резервке өту арқылы өздерінің кәсіби біліктілігін әрі қарай арттырып, өңірдің дамуына үлес қосатын болады. Камалхан осы сенімнен шығып, Науырзым аудандық аппарат басшысы болып тағайындалғанын да айта кетуге болады. Толғырақ газеттен оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу