Лудомания – қоғам дерті. Бұл дертке шалдыққан адамдардың саны біздің елде күннен- күнге артып келеді. Өткен тарихымызға үңілсек, қазақта құмар ойнау деген мүлде болмаған.
«Бұл дерт бізге шет елдерден келген. Елімізде елімізде құмар ойын ойнауға өкінішке орай ешкандай шектеу жоқ. осыны жастар тиімді қолданып жүр», – дейді қала тұрғыны Айжан Тілектес.
Бұл жас блогерлерге азартық ойындарды жарнамалау арқылы ақша табудың көзі болып отыр деп есептейді қаланың жас тұрғыны.
Құмар ойынмен алкоголизим арасында еш айырмашылық жоқ. Ол адам миына есірткі мен алкоголь тәріздес әсер етеді. Құмар ойыншы немесе лудоман бұл сезімді қайта-қайта сезінгісі келеді, сондықтан ол казинога қайта-қайта барып, қараптан қарап көрінгенге бәс тігеді. Ал Әйгерім Айтқазы болса Лудоманияның ерекше қауіпті екенін ескере отырып, есірткі сияқты заңмен тыйым салынбағанына түсінбей келеді.
«Менің бір танысым бар. Үнемі құмар ойындар ойнайды. Ол бірінші ойындарын лато клубтардан бастап, кейін үлкен ойындарға басы шырмалып жүр. Қызына әртүрлі сыйлық сыйлаймын деген оймен шағын несие алып ойнай бастады. Алғашында табысқа жетіп, қомақты қаржысы мен мүлкін талан-таражға салыд. Қазірге таңда жағдайы қиын, әр адамға қарыз, қасындағы дос, қызы да қалмаған. Қоғамдағы осындай келеңсіздіктерді көре тұра мемлекеттің заңмен тыйым салмай отырғанына таң қаламын», – дейді Әйгерім Айтқазы.
Дей тұрғанмен, бұл қоғамдық дерттің дер кезінде алдын алуға болады. Атын атауын өтінген кейіпкеріміз осыдан шамамен 2-3 жыл бұрын құмар ойынның зардабын шеккенін айтып, уақытында күрессе жеңуге болатынын айтты.
«Құмар ойын ойнаймын деп үйден ақша ұрлай бастағанымды өзім де байқамай қалдым. Бір жылға қарызға ақша алып, былыққа бата бастағанымды түсіндім. Ақырында өз таныстарыма қарабет болдым, шағын несие алдым, оны жаба алмай таяқ жегенім бар», – дейді жасырын кейіпкер.
Күндер өте өзіне қол жұмсамақ болғанда, ана жүрегі сезіп:
–Балам, саған бірдеңе болды ма? – деп сұрады.
Бұл бір жағы айтқысы келмей, бір жағы өз өмірінен қауіптенді. Басында жер жебіріне апарып, ұрысқанымен, ата-анасы уәдесін алып бар қарызын жабуға тырысты. Қазір құмар ойын дегенді естісе зәре құты қалмайды.
Аружан Берікқызы
ҚӨУ студенті