Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай қайырымдылық концерті өтті

Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай қайырымдылық концерті өтті

“Мирас” мәдениет үйіндегі мерекелік іс-шарада облыс өнерпаздарымен қоса, аудан-қалалардан жиналған мәслихат депутаттары ән салып, би биледі.

Сахна алдына қайырымдылық жәшігі қойылып, көрермендердің жәрдемге мұқтаж балалардың еміне ақша салуға мүмкіндік ұсынылды.

Концерт барысында жиылған жұрт қолма-қол және басты экранда көрсетілген есепшоттарға электронды түрде көмекақыларын жіберді.

Жүргізушілер хабарлағандай, жиналған сома “Алақандағы өмір” жобасы аясында науқас балдырғандардың еміне аударылады.

Концерт соңында көрермен залынан 300 мыңға жуық қаражат жиналды. Мұның сыртында, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары “Алақандағы өмір” қоры үшін 4 млн теңге жинап берген. Бұл қаржы кішкентай Алиса мен Темірланның ата-анасына 2 млн теңгеден бөліп берілді.

Сондай-ақ бүгінгі іс-шараға белсенді қатысқан және концертті ұйымдастыруға атсалысқан азаматтар Алғыс хатпен марапатталды.

Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев 

Жаңалықтармен бөлісу