Алтынсарин ауданындағы мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

Алтынсарин ауданындағы мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын

Большая  Чураков ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан  құрылыстың  жалпы құны 439,8 млн теңге.

  «Қазіргі уақытта кәріз жүйесі тартылып, электрмен, сумен жабдықтау, жылыту,  ішкі әрлеу жұмыстары бітіп қалды. Аумақты абаттандыру қолға алынуда. Ғимараттыосы жылдың  1 желтоқсанына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр», –  деді аудан әкімі өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Аудан көлемінде құрылыс жұмыстарын іске асыру шеңберінде биыл  1544 шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берілген.  Орындалған құрылыс жұмыстарына  5 млрд-тан астам қаржы жұмсалды.

           

Жаңалықтармен бөлісу