Нарықтық экономика жағдайында бағаның өсуі – заңды құбылыс

Нарықтық экономика жағдайында бағаның өсуі – заңды құбылыс

Сәуір қазақстандықтар үшін жанармайдың қымбаттауымен басталды. Мен бұл жаңалыққа қатты таң қалмадым. Себебі, нарықтық экономика жағдайында бағаның өсуі – заңды құбылыс.Ал, біз егіс науқанында жанармайға алаңдамаймыз. Өйткені, әрқашан бәрін резервте ұстаймыз. Өткен жылдың күзінде маусым бойы жанармайды нарықтық бағамен алып қойған болатынбыз. Қазіргі таңда шаруа қожалығында 100 тоннадай жанармай қалды. Оның үстіне, қазір 150 текше метрін арзандатылған бағамен аламыз. Литрінің бағасы – 200 теңгеден сәл жоғары.
Ауданның барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жеңілдетілген дизельдік отын беріліп отыр. Ал, күзде арзанырақ жанармай беріледі, сондықтан еш уайым жоқ.

Біз биылғы көктемде 6 мың гектарға бидай, 1000 гектарға арпа егуді көздеп отырмыз. Техникамыз 100 пайыз сақадай сай тұр. Жылдағы дәстүр бойынша көктемгі дала жұмыстарын 15 мамырда бастаймыз.

Шойынтай ӨТЕМІСОВ,

шаруа қожалығының басшысы

Жаңалықтармен бөлісу