2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда өткен АЭС салу бойынша референдумның дауыс беру уақыты аяқталды. Қазақстанның әр аймағында халық белсенді түрде таңдау жасады.
Дауыс беру уақыты ресми түрде аяқталып, бюллетеньдерді санау жұмыстары жүргізілуде. Орталық референдум комиссиясының ресми мәліметтеріне сәйкес, жалпы ел бойынша сайлаушылардың 63,87 %-ы өз таңдауын жасаған.
Фото тілшілеріміз – Бердіболат Көркембаев пен Бағдат Ахметбековтің объективіне іліккен дауыс санау сәттерін назарларыңызға ұсынамыз.
Қорытынды нәтижелер жақын күндерде жарияланады.