Дауыс берушілер “Тобыл аренаға” толассыз келіп жатыр

Дауыс берушілер “Тобыл аренаға” толассыз келіп жатыр

Қостанайдағы “Тобыл арена” спорт кешеніндегі учаскеде де референдум штаттық режимде жүріп жатыр.

 “№860 референдум учаскесіне 2408 қатысушы таңдау жасауға тіркелді. АMANAT” пен “Дауыстан” екі бақылаушы келді. Өз таңдауын жасаудан жастар да, үлкендер де қалыспай жатыр. Референдумға қатысушылар үшін арнайы сауда нүктесі жұмыс істеп тұр”, – дейді учаске төрағасы Қанат Аймұхамедов.

Аталған референдум учаскесінде Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония директорының орынбасары Бағдат Оспанов та өз таңдауын жасап, тілшімізбен пікірін бөлісті.

“Референдумға Қазақстанның азаматы, осы елдің патриоты ретінде өз даусымды беру үшін келдім. Учаскеге кіріп келгенде халықтың ағылып жатқанын көзім шалды. Бұл дегеніміз – халықтың өз Отанымыздың болашағына бейжай қарамайтынын білдіреді. Өтіп жатқан референдумды елдегі демократияның айқын көрінісі деп есептеймін. Қазақстанның қарыштап дамуына оң септігін бермесе, ешқандай зияны болмайтынына сенімім кәміл”, – дейді Бағдат Оспанов.

Айбек Жүзбай

Жаңалықтармен бөлісу