Облыс әкімі дауыс берді

Облыс әкімі дауыс берді

Бүгін елімізде атом электр станциясын салу бойынша референдум өтіп жатыр. Қостанай қаласы №1 музыка мектебінде орналасқан №3 учаскесі таңғы 7-ден жұмысқа кірісіп кетті.

Таңғы сағат 8:00-де облыс әкімі Құмар Ақсақалов осы учаскеге келіп, дауыс берді.

“Бүгін атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатыстым. Бұл еліміздің болашағы үшін маңызды шешім және бүгін әрқайсымыз осы болашаққа өз үлесімізді қосудамыз. Тұрғындардың белсенділігін көргеніме қуаныштымын. Қостанай облысында 736 сайлау учаскесі бар, таңертеңнен бері дауыс беру жүріп жатыр”, – деп жазды облыс әкімі “Инстаграм” желісіндегі парақшасында.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу