Елімізде 6 қазанда өтетін референдум өз жұмысын бастады.
Арқалық қаласындағы 103 учаскеде таңертеңгі сағат жетіде барлық урналардың жарамдылығы, мөрленгендігі бақылаушылардың көзінше тексерілді.
Әнұран ойналғаннан кейін алғашқы референдум қатысушысы өз таңдауын жасап учаске тарапынан сыйлық берілді.
“Учаскеде дауыс беріп, сыйлық аламын деп ойламадым. Комиссияға рахмет. Еліміз аман болсын!” – дейді сыйлыққа кенелген тұрғын Батырбек Дәуітбаев.