Талаптың мініп тұлпарын…

Талаптың мініп тұлпарын…

“Сөз-маржан” айдарында кезекті жас дарынның өлеңдерін ұсынып отырмыз. Арқалық қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 9А сынып оқушысы Қаракөзайым Батталғазының балауса жырлары оқырманын тәнті етеріне күмән келтірмейміз.

Келешектің аттанған бақыты үшін



 

Тарихтан соғыс жайлы көрдік,біліп,

Сондықтанда етемін ерлікті ұлық.

Басқа ұлтты білмеймін,менің ойым,

Қазағыма біткенғой тек мықтылық.

 

Ұлтымды отырғанда салыстыра,

Ойыма ойлар келіп тоғысты да.

Қазақты мықты ұлт деп тануыма,

Кешегі Ұлы Отан соғыс куә.

 

Қазағым, құдіретіңді байыптар кім?!

Қашанда тектілікке лайық болдың.

Қыздарыңа берген ғой қасиетті,

Ерлеріне бітпеген кей ұлттардың.

 

Себебі талай қызың майдан барды,
Құдайдан медет тілеп, жайған қолды.

Елінде бүлік ашқан жауыздарды,

Жерінде қаламады сайрандауды.

 

Ал ерлерді деп білем ердің ері,

Ет жүрегі елім деп елжіреді.

Ғазиз басы,кетсе де құлға айналып,

Көксегені жұртының елдігі еді.

 

Өшпейді ерліктерің санамдағы,

Тым ыстық көрінеді маған бәрі.

Бүгінгі жеңіс деген ұлы сөзде,

Бабамның жатыр қанша сан арманы.

 

Ұрпақтың сендер құнды жақұтысың,

Ұмытпас естелік пен уақыт ісін.

Кеңестің жеңісі үшін емес олар,

Келешектің аттанды бақыты үшін.

 

Жыр алыбы



 

Сөз айтсам өткен күннен халық ұғар,

Мойынын ақиқатқа бәрі бұрар.

Адамның бәрі бірдей болғанменен,

Заманның таңдап алған алыбы бар.

 

Ол жайлы айтып берген мұғалімім,

Ойыма келгені сол сірә бүгін.

Қолына домбыра алса жұрт сүйсінген,

Жадыңа сақта деді жыр алыбын.

 

Санамда сонан соң ой қалды бөтен,

Ал енді сол ойымды әңгіме етем,

Ғасырда бір туатын “Жыр алыбы” ,

Ғасыр жыл өмір сүрген Жамбыл екен.

 

Айтайын алыптардың енді ретін,

Тұлғасын көрген жандар сендіретін.

Қабанбай, Бөгенбайлар әрі кетсе,

Қажымұқан, Балуан Шолақ мен білетін.

 

Ал менің ақыл-ойым шолақ екен,

Алыптар ел есінде қалады екен.

Күшпен емес жасаған ісіңменде,

Алып жан атануға болады екен.

 

Шын алып шыншылдыққа ұмтылады,

Оларды ұмытпаған ұлтым әлі.

Есімі Жамбылдайын нар ақынның,

Ендігі соларменен бір тұрады.

 

Ұстазым келіп маған дау қылмады,

“Алыптығы не?” – дедім бардым-дағы.

“Жамбылдың жыр алыбы атануы –

Мирас қып өсиетін қалдырғаны”

 

Деді ұстаз, санамда тұр бұл күн менің,

Жыр тербер, бұзбас ешкім шырқыңды, елім.

Алыбы көп, ұмытылмай ұлықталып,

Алпауыт елге айналсын ұлтым менің.

Жаңалықтармен бөлісу