Облыстық Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасындағы колданбалы өнер шебері, суретші Арлан Аңқауовтың «Arlan Design» студиясы оқушыларының көрмесіне келушілердің назарына қой жүнінен тоқылған жұмыстар ұсынылды. Мұнда барлығы этникалық стильде, абстракция техникасында, кескіндеме жанрында жене ерекше графика стилінде жасалған картиналар бар.
Суретшінің жұмыстары «Гобелен» техникасында орындалған.
Арлан Аңқауовтың жұмыстары Қазақстаннан тыс жерлерде де белгілі және мұндай техникамен тек осы кісі ғана жұмыс істейді. Ашылу салтанатына педагогтер, оку орындарынын студенттері, балалар көркемсурет мектебінін, оқушылары және танымал суретшілер Н.Торшин, О. Кусков, В. Быков, Б. Баталова және басқалары қатысты.
Арлан Анқауов өзін дарынды суретші-қолөнерші ретінде танытты. Ол өзінің туындыларында ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің ең жақсы дәстүрлері мен этникалық мәнерін сақтап, дамытуға тырысады. Жас суретші түстерді шебер пайдалана отырып, қазақтың текеметі мен кілеміне ұқсас заманауи туындылар жасайды.
Арлан Анқауов 2024 жылы «Асыл мұра» байқауының жеңімпазы, 1 миллион теңге ақшалай сыйлық иегері. Сондай-ақ, Астана қаласында өткен 5-ші дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының қатысушысы.
– Көрмеге 27-ден астам жұмыс ұсынылған. Барлық жұмыс жаңа техникада — жүннен жасалған аппликация әдісімен жасалды. Студия оқушыларының басты ерекшелігі — шығармашылық үдерістен үлкен қуаныш пен сүйіспеншілік алады. Қазіргі уақытта табиғи және экологиялық таза материалдарға ерекше көңіл бөлінетін кезеңде бұл тақырып өте өзекті деп санаймыз. Жүннің дизайндағы пайдалы қасиеттері бұрыннан белгілі. Бүгінгі көрмеде автор ретінде мен ерекше шабытпен және сүйіспеншілікпен жасалған табиғи жүннен жасалған жұмыстарымды ұсынып отырмын. Студия да осы бірегей материалдарды қолданды. Өнердегі түрлі техникалар мен туындыларды жасау әдістері авторларға өз эмоциялары мен сезімдерін жеткізіп қана қоймай, адам мен табиғат арасындағы тікелей байланысты көрсетуге мүмкіндік береді, – дейді Арлан Аңқауов.
Ол көркемсурет жасаудын айрықша технологиясын менгерген, қой жүнінен картиналар салады. Өнерін кәсіпке айналдырған.
Ол өз студиясында балалар мен ересектерге қолөнерінін қыр-сырын үйретіп жүр. Биыл «Arlan Design» студиясының құрылғанына 13 жыл толып отыр.
Диана Алмасқызы
ҚӨУ 3 курс студенті
Суреттерді түсірген автор