Қостанайда VIII сайланған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті.
Сессия алдында қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Сәния Шәріпова жиналғандарды сайлау қорытындысымен таныстырып, депутаттарды сайлануларымен құттықтап, депутаттық куәлік пен төсбелгі табыс етті.
Сессия жұмысына қала әкімі Марат Жүндібаев, мемлекеттік органдардың басшылары – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, Қостанай полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Талғат Жүсіпов, Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Біржан Үсембаев, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер – Қостанай қалалық мәслихатының төрағасын сайлау, Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, олардың құрамын және Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау.
Бірмандатты №2 аумақтық сайлау округі бойынша «АМANAT» партиясынан депутат Байғабулов Омарғали Қабиұлы көпшілік дауыспен Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
Бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару және әлеуметтік мәселелер, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі екі тұрақты комиссия құрылды. Бірінші комиссияның төрағасы болып №13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша «Ауыл» ХДП-нан депутат Исмаилов Арман Оразалыұлы сайланды. Екінші комиссияның төрағасы болып №1 бірмандатты аумақтық сайлау округінен «АMANAT» партиясынан депутат Костенюк Надежда Владимировна сайланды.
Бұған дейін Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы болып Сайлаубек Ещановтың сайланғаны хабарланған болатын.