Әртіспен емен-жарқын әңгіме

Әртіспен емен-жарқын әңгіме

27 наурыз – Халықаралық театр күні аясында Арқалықтағы №2  кітапхананың өнер секторының ұйымдастыруымен “Өнер тұнығы ел ішінде” атты кеш-диалог өтті. Кеш қонағы, жергілікті жасөспірімдер театрының әртісі – Әлібек Манетов.

Іс-шара жалпы театр саласының қалыптасу, шығу тарихынан бастау алып, Арқалық театрының тыныс-тіршілігіне ұласты. Әртістің өмірдерегіне, шығармашылығына байланысты қызықты сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Әлібек Маратұлы алғашқы сомдаған рөлдерін еске алып, әртіс мамандығының қыр-сырымен бөлісті. Қонақ кәде сұралып, С.Тұрғынбекұлының “Кейкі батыр” тарихи драмасынан монолог тыңдалды. Кешке Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері мен кітапхана қызметкерлері атсалысты. Іс-шара соңында, Әлібек Маратұлы жастарға деген ізгі тілегін білдіріп, Рамазан айына байланысты көркемсөз тарту етті. Бөлімде театр күніне арнайы дайындалған кітап көрмесіне шолу жасалып, әдебиеттер кеңінен насихатталды. Қонаққа құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.

Жаңалықтармен бөлісу