Қостанайлық ұстаз «XXX Еуропалық ECER-2024» конференциясына қатысты

Қостанайлық ұстаз «XXX Еуропалық ECER-2024» конференциясына қатысты

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салтанат Қабденова Кипрдің Никосия қаласындағы Кипр Университетінде өткен XXX Еуропалық ECER-2024 халықаралық зерттеу конференциясының куәсі болып келді.
Салтанат Қалижанқызы  оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін тұтас емес мәтін түрлерімен жұмыс істеудің тиімді тұстарын дәлелдеумен ерекшеленген тұлға.

Әр елдің білім беру мен тәрбиелеу саласында болып жатқан өзерістерді білу, тыңдау білім беру саласында кез келген мұғалімді алға жетелейтіні анық. Осы салада болып жатқан өзгерістерді біліп, ой түйіп келгеніне өте қуанышты.

«Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен барған ғалымдар мен түрлі университет ұстаздары өздерінің зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп жатты. Өзіме қоғамдағы өзекті мәселе –  буллингті болдырмау, аутист балалармен жұмыс істеу  ерекшеліктері қатты ұнады”, – дейді Салтанат Қалижанқызы.

Венгриядағы халықаралық оқушыларға ағылшын тілін үйрету стратегиялары сынды тақырыптар да қозғалған.  Айта кету керек, биылғы  конференцияға әлемнің 71 елінен 2300 адам қатысқан.

Жаңалықтармен бөлісу