Бүгін Қостанайда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өтті.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай бекітілген мереке 2018 жылдан бері аталып өтіп келеді.
Бүгін маңызды датаға орай Қостанайда рухани іс-шара ұйымдастырылды. Оған билік өкілдері, зиялы қауым және тіл саласының мамандары мен журналистер қатысты. Жиында тіл саясатын ілгерілетуге, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген өңір азаматтары Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен, Қостанай облысы әкімінің, облыстық Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ мұғалімдер арасында өткен “Тіл — қазына” облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды.
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Жандос ЖҮСІПБЕК