Суға батып бара жатқан адамды құтқарған Лисаков тұрғынын полицейлер марапаттады

Суға батып бара жатқан адамды құтқарған Лисаков тұрғынын полицейлер марапаттады

Лисаков қаласының тұрғыны Андрей Литвиненко учаскелік полиция инспекторы Данабек Игімбердиевпен бірге адамды құтқарды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 тамыз күні кешке Октябрь кентінің жанындағы Тобыл өзенінің бір жағалауынан екінші жағалауына өтпек болған 39 жастағы ер адам абайсызда велосипедтен терең суға құлап кеткен.

“Данабекпен бірге әрекет еттік. Ойлануға уақыт болмады. Біз суға батып бара жатқан адамды жағаға аман – есен шығардық”, – дейді Андрей Литвиненко.

Көрсеткен батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін Андрей Литвиненко Лисаков қаласының Полиция бөлімі бастығының грамотасымен марапатталды, сондай-ақ оған естелік сыйлыққа қол сағат табыс етілді.

Полиция қызметкері Данабек Игімбердиев кәсіпқойлығы үшін Конституция күнін мерекелеуге арналған алдағы іс-шарада марапатталады.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі Данабек Игімбердиевтің ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп келе жатқанын, осы учаскеде 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол бірнеше азаматқа көмек көрсетті.

Өткен сәуірде ол мұзды суға батып бара жатқан адамды құтқарған, ал желтоқсан айында газ баллондары бар гаражда өрттің алдын алған.

Жаңалықтармен бөлісу