145 адам жауапкершілікке тартылды

145 адам жауапкершілікке тартылды

Облыстық  ПД өткен аптада өңірде жедел жағдайдың қалай қалыптасқаны туралы хабарлады.
Полицейлер 3035 рет жол ережесінің бұзылғанын анықтаған. Көлік құралын мас күйінде басқарған 36 жүргізуші ұсталған. Медициналық айықтырғышқа 595 адам орналастырылып, бейнебақылау камераларының көмегімен 1307 құқық бұзушылық белгілі болған.

Қала күнін мерекелеудің екі күнінде облыс орталығында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 145 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін 64 адам, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 70 адам және ұсақ бұзақылық үшін екі адам жазаланды. Медициналық айықтырғышқа полицейлер Қостанайдың 101 тұрғынын орналастырды.

Сонымен қатар, екі күндік мерекеде патрульдік полиция 510 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады, оның ішінде мас күйінде көлік жүргізген екі жүргізуші бар.

Ведомство тұрғындарды құқық бұзушылыққа төзбеушілікке және барлық фактілер туралы полицияға нөмірі бойынша хабарлауға шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу