Өнім жерде қалмасын

Өнім жерде қалмасын

Жаз басталғалы жауын-шашын толастамай тұр. Сағаттап жауған нөсер егіннің пісіп-жетуіне едәуір  кедергі келтірері сөзсіз. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедовтің айтуынша, маусым айында жауған жаңбырдың көлемі 45,2 мм-дей болады. Бұл әдеттегі  норманың 137% -ке көп деген сөз.

Бұрын осы кездегі ылғалдың  деңгей 33 мм-ден аспайтын.  Шілдеде 91,6 мм түсті. Яғни,   225,1%-ке тең. Қазгидрометтің болжамына қарағанда, тамыз айында облыстың басым бөлігінде жауын-шашын нормадан тыс көп болмақ.  Тек, облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде ғана жауын әдеттегі нормадан аспайды.

– Әлсін-әлсін жауған жаңбырдың салдарынан дәнді дақылдардың пісуі, оны жинап алу қиындауы бек-мүмкін.  Астық сапасы жоғалады. Аталған факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы құрылымдары:  егін жинау әдістерін алдын-ала кесіп-пішіп алғаны жөн. Уақытты созбай, піскен егінді жедел егін жинау үшін қолда бар барлық техниканы әзірлеу,  ылғалдылығы жоғары өнімдерді қоймаларға тез тасып алу үшін, оларды алдын-ала дайындау,  дәнді дақылдарды жедел кептіріп, өңдеу үшін астық қабылдау пункттерімен келісім-шарт жасасу қажет, – деді басқарма басшысы.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста сыйымдылығы 3 млн тонна болатын 37 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Мұның сыртында ауыл шаруашылығы құрылымдарында 5,3млн тонналық  қойма бар. Жалпы сақтау сыйымдылығ – 8,3млн тонна. Бұл  ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға жеткілікті. Әзірге облыстыңастық қабылдау кәсіпорындарының жүктемесі 22% -ке тең. Элеваторларда  672,8мыңтонна өткенжылғы астық сақтаулы. Оның  582,7 мың тоннасы бидай.

Жақында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен дала жұмыстары жөніндегі облыстық штаб отырысында астық қабылдау кәсіпорындарының биылғы  егінді қабылдауға дайындығы және олардың жүктемесі пысықталды. “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” АҚ-ның  астықты жөнелтуге қатысты  келісім-шарттары бар. Егін жинау жұмыстары басталмас бұрын элеваторларды  барынша босату жоспарланған. Қазіргі уақытта 5-класты бидай  құс фабрикалары мен ұн тартатын кәсіпорындарға жөнелтіліп жатыр. Астық қабылдау кәсіпорындары басшыларының айтуынша, сыртқа астық жөнелтетін трейдерлердің келісім-шарттарына сәйкес өткен жылғы  бидайға да сұраныс бар.

Ибрагим Бекмұхамедовтің айтуынша,  өңірде  403 астық кептіру агрегаты бар көрінеді. Оның 105-і астық қабылдау кәсіпорындарында және 298-і ауыл шаруашылығы құрылымдарының меншігінде.  Олар сағатына 13,2 мың тонна өнімді кептіруге қауқарлы.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Сурет ашық дереккөздерден алынды

 

Жаңалықтармен бөлісу