10-шы қыркүйектен бастап электр энергиясының бағасы өседі. Өйткені, жаңа жылдан бастап “Қостанай электр орталығы” ЖШС өз жұмысын тоқтатпақ.
Ал тұтнушылардың компания алдындағы қарызы бір млрд теңгеден асады. Кәсіпорын соны қалған төрт айдың ішінде жинап алуды көздеп отыр.
Энергия орталығының өтініші Табиғимонополиялардыреттеукомитетінің облыстық департаментінің өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық тыңдалымда қаралды. Отырыста “КЭО” ЖШС директоры Анаргүл Өскенбаеваның айтуынша, компанияың қаржылық жағдайы мәз емес. Ол тарифті көтермесе кәсіпорын тұтынушыларды электрмен қуатымен қамтамасыз ете алмайтындығын айтты.
– Біз облыс аумағында 216 мың жеке тұлғаға және 80 мыңдай заңды тұлғаға қызмет көрсетеміз. Көбі қарыз. Жыл соңына дейін барлық берешекті жинап алуымыз керек.Оның көбі 2023 жылы тариф көтерілгеннен кейін қалыптасты. Содан кейін департамент тарифті көтеру жөніндегі өтінішті бұрынғыдай отыз күн емес, 120 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады. Осы кезеңде біз 812 млн теңге шығынға ұшырадық. Биыл 1 қаңтардан бастап бірыңғай сатып алушының бағасы көтерілді. Ал біз тарифке жаңа бағаны сәуір айында ғана қойдық. Бұл да шығын”, – дейді “Қостанай энергоорталық” ЖШС Бас директоры Анаргүл Өскенбаева.
Қолданыстағы шекті тариф 2,65 теңгеге көтерілмек. Компанияның мәліметінше, электр энергиясының құны барлық санат бойынша біркелкі өседі.