“Домбыра-думан байқауының үміткері – Меруерт Қайреден Науырзым ауданында туған. Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың 8-сынып оқушысы. Осы интернаттағы “Ыбырай толқындары” ансамблінің мүшесі. Бірнеше халықаралық февтивальдің гран-при және I орын иегері.
Меруерт бастауыш сыныптан сурет, театр, домбыра үйірмелеріне қатысып жүріп, домбыраны таңдады.
“Қостанай таңы” ұйымдастырған облыстық оқушылар байқауына Әбдімомын Желдібаевтың “Ер Тұран” атты күйін жолдап отыр.