Арқалықта су тасқынымен күреске белсене атсалысқандар марапатталды

Арқалықта су тасқынымен күреске белсене атсалысқандар марапатталды

Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде көпшілікке көмектесіп, асқан белсенділік танытқан азаматтар «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен, «Құтқару операцияларнына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерімен және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің түрлі мадақтамаларымен марпатталды.

Олардың арасында мекеме басшылары, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер де бар.

Ж.Мусаев
Е.Жүнісов
Д.Қожахметов

Арқалық қаласы бойынша қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының басшысы Данияр Қожахметов, «Арқалық қаласы әкімдігінің шаруашылық бөлімінің» маманы Жаңабай Мусаев  «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен, қалалық білім бөлімінің әдіскері Еркебұлан Жүнісов  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотасымен марапатталды.

  «Ел басына күн туса ер етігімен су кешеді» деген.Көктемгі су тасқыны кезінде қала іргесіндегі кенттерде үйлерді табиғи апаттан аман алып қалу үшінбар күшімізді салдық. Мотопомпамен күндіз – түні су сорып, жастар, әсіресе еріктілер ерен ерлік көрсетті. Бұл марапат – сол барша жастардың еңбегінің жемісі деп есептеймін. Енді қайтып елімізде мұндай төтенше жағдайлар болмасын. Алла елімізді айтып келмейтін апаттан сақтасын», – дейді Данияр Қуанышұлы.

Төсбелгіні ауруханада ем алып жатқан батырымызға қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Асылхан Ғалиханұлы өз қолымен табыс етті.

Мұрат Жүнісұлы

                               Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу