«Қостанай таңы» газетін бұрынғы қызметкерлері, зейнеткер аға-апаларымыз – Базылхан Жүнісов, Дөңасарова Мәрияш және Кодукупова Бәтия да барлық алдыңғы буын өкілдері секілді «Мерекелік сый-тарту» акциясы аясында марапатқа ие болды. Демеу көрсетуші – А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, экономика ғылымының кондидаты Гүлмира Дамбаулова.
(Бәтия Кодукупова)
Профессор тағайындаған сый-тартуға ие болған Мәрияш Есболқызы Дөңасарова газетімізде 40 жыл қызмет етті. Ол кісі редакцияға 1965 жылы мәтін теруші болып жұмысқа орналасқан. Тағы бір құрметке лайықты апамыз – Бәтия Мұсақызы. Апамыз редакцияның тазалығына жауап берді. Ұжымда бел жазбай 15 жыл еңбек етіпті. «Қостанай таңының» дамып-жетілуіне өзіндік үлесін қосқан тұлғалардың бірі Базылхан Назарұлы Жүнісов те мейрам алдындағы марапатқа ие болып отыр. Бүгінде елордада сапарлап жүрген ағамыз алдағы уақытта редакцияға арнайы соғып, тиесілі сыйлығын алып кетуге уәде етіп, жоба ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
Айта кетейік, құттықтау акциясы облыстық Әйелдер күштері альянсының қолдау-демеуімен өтіп жатыр.