Бұл фотожоба арқылы полиция қызметкерлерінің балалары жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
Жобаның ең жас қатысушысы Ясмина 4 жаста. Оның анасы Елена Магасумова кішкентай кезінен бастап балаларға жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйретіп келеді.
“Біріншіден, олар бізден үлгі алады. Балаға жолдан қалай дұрыс өту керектігін айтып қана қоймай, оны күн сайын іс жүзінде көрсету қажет”, – дейді Елена Магасумова.