Ұзынкөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ұзынкөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Ұзынкөл аудандық мәслихатының келісімі бойынша, Марат Жұрқабаев Ұзынкөл ауданының әкімі болып тағайындалды.
Марат Кенжебекұлы 1976 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Ол Арқалық педагогикалық институтын және З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін Есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Арқалық қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастады.
2010 жылға дейін Арқалық, Қостанай қалалары мен Қарабалық ауданында түрлі лауазымдарда еңбек етті.
2010-2012 жылдары Қостанай қаласының әкімдігінде жемісті жұмыс істеді. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары болды.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Лисаков қаласы әкімінің орынбасары болып, қаланың дамуына көп еңбек сіңірді.
Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің, одан кейін Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжінің директоры қызметін атқарды.
Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымында болды.
2021 жылдан бастып, осы уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Жаңалықтармен бөлісу