Жанкелдин ауданындағы Н.Г.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұжымы ел басына күн туған шақта халықпен бірге болды.
Олар еріктілікпен айналасып, елге төнген нәубетке қарсы тұрды.
Бүгінгідей әлем әбігерге түсіп, көпшіліктің көкейі күпті болып тұрған кезде бір-біріне болысып, барымен бөлісіп жатқан ізгі жүректі пенделер бар. Бұл да өзгенің ақысын өз ақысынан жоғары қоя білетін игі істің көрінісі.
Өз еркімен елдің қамын ойлаған еріктілік. Халқымыз «Көп түкірсе – көл» дейді. Сауапты істің үлкен-кішісі болмайды. Бірақ, ірілі-ұсақты көптеген шаруа көптің көмегімен бітетіні рас. Бүгінге дейін өңірде еріктілердің көмегімен халыққа азық-түлік, киім, қапшық әрі ыстық тамақ та таратылды. Сонымен қатар, Жангелді ауданында волонтерлікке Р.А.Рахымұлы басшылығымен Н.Г.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі ұжымы да ат салысты. Күн – түн демей, игі іске үлкен – кіші болып араласып, барынша қызмет көрсетті. Қазақтың қанында бар қасиет ұрпақтың жадынан ешқашан өшпейді. Қолда барымен бөлісу, өзгеге көмектесу де адамшылықтың, кісіліктің көрінісі. Сондықтан да бүгінгі еріктілік келешек ұрпақты ертеңгі елдік тұлға деңгейіне дейінгі биікке көтереді. Еріктіліктен – елдік тұлғаға дейінгі аралық бата һәм алғыспен ғана жалғасады.
Әсем АЛМАТОВА,
Н.Г.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.