Құмар Ақсақалов: «Мемлекет елді мекендерді қалпына келтіруге дайын»

Құмар Ақсақалов: «Мемлекет елді мекендерді қалпына келтіруге дайын»

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласындағы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары барысымен танысты. blank

Су тасқыны кезінде Қызылжұлдыз ауылында 41 үй су астында қалды.

blank blank blank

Оның 37-сі мүлдем жарамсыз. Арқалық қаласына 185 адам эвакуацияланған.

blank

Бұл туралы Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов баяндады.

«Бүгінде 370 млн теңгеге 27 пәтер алу үшін келісімшарттар жасалып отыр. Барлық қажетті рәсім жүргізілгеннен кейін пәтерлер зардап шеккен тұрғындардың меншігіне өтеу міндетінсіз беріледі», – деді Әмірхан Асанов.

Облыс басшысы Арқалық-Қызылжұлдыз жолындағы жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.

blank

Орташа жөндеу жүргізіліп жатқан темірбетонды көпір мен су өткізу құбырларын тексерді.

blank

Қызылжұлдыз ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.

«Мемлекет елді мекендерді толық қалпына келтіруге дайын. Тұрғындар барлық қажеттілікпен қамтамасыз етіледі. Барлық шығын толық өтелетін болады», – деді облыс әкімі.

Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев